Экономика

Экономика

Батыс Қазақстан облысының ЖӨӨ 2018 жылы 2 трлн. теңге (ҚР ЖӨӨ-дегі облыстың ЖӨӨ үлесі 5% құрады). Қазақстан өңірлерінің арасында ЖӨӨ көлемі бойынша Батыс Қазақстан облысы 5-орында

Батыс Қазақстан облысының ЖӨӨ құрылымында қызметтерге 48% немесе 952,3 млрд.теңге, тауарларға 52% немесе 1 млрд. теңге келеді. Бұл ретте тауарлар бойынша ЖӨӨ-нің ең үлкен көлемі өнеркәсіптік өндіріске – 95% немесе 1 046 млрд.теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 5% немесе 55 млрд. теңгені құрады.


Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы секторында өңірдің еңбекке қабілетті халқының төрттен бір бөлігі жұмыс істейді және жалпы өңірлік өнімнің 7% - ы қалыптасады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 55 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы деңгейге 94,9% құрады.

4,6 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді, бұл 2017 жылдың деңгейіне 108,6%, сүт – 3,8 мың тонна (101,9%), жұмыртқа – 12 млн.дана (103,2%).

2018 жылдың соңында шаруашылықтың барлық санаттарында ІҚМ басы 5% – ға, қой – 0,2% - ға, жылқы-7,2% - ға өсті.

Өсімдік шаруашылығындағы негізгі басымдықтар суармалы жерлерде дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын, көкөністер мен картоптарды өндіру, мал шаруашылығында – ет, сүт, жұмыртқа, жем-шөп дақылдарын өндіру болып анықталды.

Өсімдік шаруашылығы
2018 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі 517 мың га жерге орналастырылды, оның ішінде азықтық дақылдар – 175,6 мың га, бидай – 200 мың га, дәнді дақылдар – 331,8 мың га, күнбағыс – 38,6 мың га, майлы дақылдар – 53,8 мың га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 9,6 мың га.

Мал шаруашылығы
2018 жылдың қорытындысы бойынша облыста 1 167 мың бас қой мен ешкі, 845,4 мың бас құс, 543,7 мың бас ІҚМ, 165,4 мың бас жылқы, 21,3 мың бас шошқа бар.

Өнеркәсіп
2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 046 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,1%. 

Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеуі негізінен газ конденсатын өндірудің қысқаруына байланысты болды. 

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің 90,8% – ы тау-кен өнеркәсібіне тиесілі, онда негізінен мұнай мен газ өндіру басым болады-971 млрд.теңге.

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 6,9% құрады, онда 75 млрд.теңгеге өнім өндірілді, НКИ 116%. Электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау үлесі тиісінше 1,9% және 0,2% құрады.

56,7 млрд. теңгеге азық-түлік өнімдері өндірілді. Ірімшік және сүзбе өндірісі 2,6 есе, шұжық өнімдері – 19,5%, консервіленген балық – 6,2%, макарон, кеспе және ұқсас ұн өнімдері – 5,1%, ұн – 2,7%, жаңа піскен нан – 2,8%, ет және тағамдық қосымша өнімдер – 1,6%, сүт және кілегей – 0,4% артты. Ет консервілерінің өндірісі 39,6% - ға азайды.

Машина жасауда 40,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2017 жылға қарағанда 2,3% - ға артық.

Металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 19,9 млрд.теңгені құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 3,4% жоғары. Түрлі диаметрлі құбырлар өндірісі 5,3% артты.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 41,4 млрд.теңгені құрап, 4,9% - ға артты. Газойльдер шығару 0,1% - ға ұлғайды.

Өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісінің көлемі 6,1% - ға артып, 13 млрд.теңгені құрады. Тауарлық бетон өндірісі 19,4% артты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге